Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
* Ата-аналардың біреуінің (немесе басқа заңды өкілдердің) өтініші.
* Баланың жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 027/у нысанындағы медициналық анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
* Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде – қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.